Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 16:43

Қорғаныс министрлігі 2025 жылы 900-ден астам запастағы офицерді шақырады

в
Фото: Ақорда

Қорғаныс министрлігі 2025 жылы 915 запастағы офицерді шақыруды көздеп отыр, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 163-ке артық. Бұл туралы «Ашық заңды тұлғалар» порталында жарияланған қаулы жобасында айтылған.

Шақырудың негізгі мақсаты – Қарулы Күштерді, Ұлттық ұланды, Шекара қызметін және Төтенше жағдайлар министрлігін запастағы офицерлермен толықтыру, делінген жобада.

Осылайша:

Қарулы Күштер қатарында 700 адам қызмет етеді;
131 адам – Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұланында;
80 адам – Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінде;
4 адам - Төтенше жағдайлар министрлігіне.

Әскерге шақыру 29 жасқа дейінгі, әскери қызметке жарамды және оны өтемеген жастарға қатысты. Олар «офицерлік лауазымдарды» атқаратын болады. Қызмет екі жылға созылады.

Құжат 16 қазанға дейін қоғамдық талқылауға ашық болады.

Қазақстан әскерге шақырылған запастағы офицерлер санын кезең-кезеңімен арттыруда. 2022 жылы Қорғаныс министрлігі 190, 2023 жылы - 635, ал, 2024 жылы 752 офицер әскер қатарына шақырылды.

2024 жылдың қыркүйек айының соңында үкімет әскерге шақырылғандардың санын 40 202-ге дейін арттырды. Бұл бір жыл бұрынғыдан 3146 адамға көп. 

Тегтер: