Тигран Кочарян: Пашинян мен Әлиев қол қоятын бейбіт меморандум Арменияны Сирияға айналдыруы мүмкін

«Alpha News» бас редакторы Тигран Кочарян Пашинян мен Әлиевтің Вашингтонда бейбіт келісімге келуі армян халқы үшін тиімсіз болатынын айтты.
Армения премьер-министрі Никол Пашинян АҚШ-қа жоспарланған сапары аясында АҚШ президенті Дональд Трамп және Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен кездесу кезінде Зангезур дәлізіне қатысты меморандумға қол қоюы мүмкін. Алайда бұл құжат Арменияның ұлттық мүддесіне сай келмейді.
Кочарянның сөзінше, Пашинянға «бейбітшілік» деп жазылған бір парақ қағаз ғана қажет – оны халыққа жетістік ретінде көрсетіп, сайлауға қатысу үшін пайдаланбақ.
– Бұл келісім шын мәнінде бейбітшілік орнату емес, капитуляцияға көбірек ұқсайды. Пашинян келіссөздерде өзінің билікте қалуын басты шарт етіп отыр. Бәрі осының артында қандай мақсат жатқанын түсініп отыр, - дейді Кочарян.
Оның айтуынша, бұл сценарий Иран мен Ресейдің де мүдделеріне қайшы келеді. Егер келісім жүзеге асса, Иран солтүстікте АҚШ-тың жеке әскери компанияларымен қорғалған жолға ие болады. Армения әртүрлі геосаяси күштердің ықпалында қалып, бұл елдің «Сирияға айналуына» әкелуі мүмкін.
Кочарянның пікірінше, бұл жағдай Түркия, Әзербайжан мен АҚШ-қа тиімді болып отыр.
Бұған дейін Армения үкіметінің баспасөз қызметі Пашинян Вашингтонда Трамппен жеке кездесу, сондай-ақ Трамп пен Әлиевпен үшжақты кездесу өткізетінін хабарлаған. Кездесулер өңірдегі бейбітшілік, өркендеу және экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталғаны айтылған. БАҚ дерегінше, бұл кездесулердің қорытындысы ретінде Ереван мен Баку арасындағы бейбіт келісімге ниет білдіретін меморандум қабылдануы мүмкін.
— Келіп жатқан ақпараттарға қарағанда, мәселе Зангезур дәлізі туралы болмақ. Әлиев Трамппен келіскен сияқты — бұл дәлізді АҚШ бақылауына беру арқылы америкалықтар үшін «жақсылық жасаған». Әйтпесе Пашинянды ол жаққа не үшін шақырады? Пашинян көп жылдан бері Трамппен кездесуге тырысып келеді, бірақ бұған дейін бірде-бір рет кездескен жоқ, - деді Ара Абрамян.
6 тамызда армяндық «Жоховурд» газеті өз дереккөздеріне сілтеме жасап, АҚШ тарапынан ұсынылған «Сюник мәселесіне» қатысты құжат жобасына Арменияның алдын ала келісім бергенін жазды. Құжатта «дәліз» деген тұжырым қолданылмайды және ешқандай егемендікті беру қарастырылмаған, алайда сыртқы бақылау элементтері бар.
Дегенмен, Ереван мен Баку арасындағы бейбіт келісімге қол қоюға кедергі келтіріп отырған тағы бір маңызды мәселе — Армения Конституциясының преамбуласында Нагорный Карабахпен «қайта қосылу» туралы тармақтың болуы. Бұл тармақ Армян КСР Жоғарғы Кеңесі мен Таулы Қарабах Ұлттық кеңесінің 1989 жылғы 1 желтоқсандағы бірлескен қаулысына негізделген.
Әзербайжан билігінің пікірінше, бұл норма Ереванның Бакуге қатысты аумақтық талаптарын заңды түрде бекітеді. Сондықтан Баку бұл ережені Конституциядан алып тастауды талап етіп отыр.
Айта кету керек, Пашинян үкіметі бұл мәселе жөнінде 2024 жылдың тамызында өз ұстанымын білдірген болатын. Ол Конституцияны өзгертуге ниетті екенін айтып, 2027 жылға референдум тағайындауды жоспарлап отырғанын жариялаған.