ҰОС жауынгерлерінің сүйегі елге жеткізілді

Мәскеуден Астанаға Ұлы Отан соғысының жауынгерлерінің сүйектері әкелінді.
Қазақстан Қарулы күштері әскери-көліктік авиациясының ұшағы Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан қазақстандық жауынгерлер Оразғали Айболанұлы Белубаев пен Петр Капитонович Оконечниковтың мүрделерін Мәскеуден Астанаға жеткізді.
Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев атап өткендей, ҚР Қорғаныс министрлігі, "Атамның аманаты" ҚБ, Қазақстан мен шет елдердің іздестіру жасақтары соғыс жылдарында хабар-ошарсыз кеткен жауынгерлердің тағдырын анықтау жұмыстарын жалғастыруда.
Іздеу жасақтарының еңбегінің арқасында 80 жылдан кейін соғыс кезінде із-түзсіз кеткен батырлардың есімдері қайта оралып жатыр. Табылған әрбір сарбаз – туысқандар мен ұрпақтардың жұбанышы, - деп атап өтті генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев.
"Атамның аманаты" ҚБ басқарма төрағасы Мұрат Молдағалиев Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде 271 мыңнан астам қазақстандық хабар-ошарсыз кеткенін атап өтті. Оразғали Белубаев пен Петр Оконечниковқа дейін олардың бірлестігі 19 қазақстандық жауынгердің сүйегін туған Отанына жеткізіп, әскери құрметпен жерлеуді ұйымдастырды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, табылған сүйектерді сарбаздардың медальондары арқылы ғана анықтау мүмкін болыпты. Көп жағдайда медальондары болмаған немесе толтырылмаған.