Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 11:45

Шымкентте лайк баспаған қызметкерлерін жазалаған шенеунік қызметінен кетті

Спатаев
Фото: inform.kz

Шымкент қаласындағы Жастар ресурстық орталығының басшысы Марат Спатаев қызметінен кетті.

Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазба қалдырды.

Ол әріптестеріне, қызметте серіктес болған азаматтарға алғыс айтты.

- Құрметті әріптестер, достар, Шымкент қаласының жастары! Бүгіннен бастап Шымкент қаласының «Жастар ресурстық орталығындағы» басшылық қызметімді ресми түрде аяқтаймын. Бұл мен үшін өмірімнің маңызды, жауапты әрі ерекше кезеңдерінің бірі болды. Осы уақыт ішінде бірге жұмыс істеген барлық әріптестеріме, сенім білдірген басшылыққа және қолдау көрсеткен серіктестерге зор алғысымды білдіремін. Жастармен жұмыс істеу – менің жүрек қалауым әрі өмірлік ұстанымым. Осы салада жүзеге асқан әрбір жоба мен атқарылған әрбір іс мен үшін аса құнды, - деп жазды Марат Спатаев.

Ол сондай-ақ жастардың болашағы үшін жасап жатқан ізденісі мен еңбегі тоқтап қалмай, бұдан әрі де жүйелі түрде жалғасатынын атап өтті. Оның айтуынша, бұл бағыттағы бастамалар ел дамуы мен ұрпақ тәрбиесіне елеулі үлес қосады.

Тегтер: