Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 18:00

Ұлтаралық араздық қоздырды деп күдікке ілінген қарағандылық бойжеткен елден қашпақ болған

Алика
Фото: БАҚ

Қарағандылық кәсіпкер Алика Мұхамадиева ұлттық алауыздық тудырды деген күдікпен екі айға қамауға алынды. 

Ол Threads әлеуметтік желісіндегі жазбаларынан кейін елге танымал болған.

Бойжеткен желіде Қазақстан туралы жағымсыз пікірлер жазып, мұсылмандарды «тазалықты сақтамайды» деп айыптаған. Бұған қоса, қолданушылар оның қазақ тілі мен ұлтына қатысты тағы бірнеше қорлайтын пікірлерін тапқан.

Қоғамның әділетті наразылығы күшейген соң Мұхамадиева өз парақшасындағы жазбаларды өшіріп, Instagram-да кешірім сұраған видео жариялады. Сонымен қатар ол өзіне және туыстарына қоқан-лоққы жасалып жатқанын айтып, желідегілерден қудалауды тоқтатуды өтінді.

Алайда бұл әрекеттері жауапкершіліктен құтқармады. Полиция бойжеткенді ұстады. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Оған ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабы (“Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе діни алауыздықты қоздыру”) бойынша іс қозғалған. Бұл бапқа сәйкес, кінәсі дәлелденсе, 2 мыңнан 7 мың АЕК аралығында айыппұл салынуы немесе 2 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Қарағанды қаласының соты тергеу органдарының өтінішін қанағаттандырып, Мұхамадиеваны тергеу аяқталғанша екі айға қамауға алу туралы шешім шығарды.

«Тергеу барысында күдіктінің шетелге шығуды жоспарлағаны анықталды. Осыған байланысты оған бұлтартпау шарасын қолдану жөнінде өтініш берілді», - деп хабарлады облыстық полиция департаменті.

Тегтер: