Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:51, 13 Қыркүйек 2024

Солтүстік Қазақстанда 497 миллион теңгенің жері мемлекетке қайтарылды

о
Фото: ашық дереккөз

Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының тапсырмасын орындау үшін пайдаланылмаған жерді анықтау және қайтару бойынша кешенді жұмыстар жүргізіп жатқанын мәлімдеді.

Жыл басынан бері прокурорлар мемлекетке 497 млн теңгеден астам сомаға жер учаскелерін қайтарған.

Мысалы, Тайынша және Уәлиханов аудандарында Жер кодексінің талаптарын бұза отырып, ұзақ уақыт бойы меншік иелері жалпы ауданы 25,1 мың га ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін нысаналы мақсаты бойынша пайдаланбаған, делінген хабарламада.

Қадағалау шараларымен сот тәртібімен жер мемлекетке қайтарылды және бүгінде заңды экономикалық айналымға тартылуда.