Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 10:50

Ресей Қазақстанға көліктің алдыңғы терезелерін қараңғылауға рұқсат беруді ұсынды

Терезе
Фото: БАҚ

Ресей Мемлекеттік думасының еңбек және әлеуметтік саясат жөніндегі комитетінің төрағасы Ярослав Нилов Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаевқа ресми хат жолдады.

Онда ол ЕАЭО елдерінде күннің аптап ыстығы жиі байқалатынын және ауа температурасы +30-40 градустан асатынын атап өткен.

"ЕАЭО елдерінің көпшілігінде ауа температурасы +30-40 градусқа және одан да жоғары деңгейге жетеді. Аптап ыстықтан бөлек, көліктің ішіне түсетін тікелей күн сәулелері жүргізушінің көлікті басқаруына айтарлықтай кедергі келтіреді. Бұл жол қозғалысы қауіпсіздігіне қауіп төндіреді, өйткені жүргізуші ауа райына көңіл бөліп, алаңдауға мәжбүр болады", - делінген хатта.

Үкімет автокөліктердің алдыңғы бүйір әйнектерін қараңғылауға рұқсат беру мүмкіндігін қарастырып жатыр. 

«Автокөліктердің алдыңғы бүйірлік әйнектерін ақылы түрде қараңғылатуды заңдастыру мәселесіне қатысты депутаттық сауалды қарастыра келе, келесіні хабарлаймыз: қазіргі уақытта бұл мәселе мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп зерттеліп жатыр. Үкіметтің түпкілікті ұстанымын қалыптастыру үшін кеңес өткізу жоспарлануда. Осыған байланысты, бұл мәселенің қаралу нәтижелері туралы қосымша хабарланады», - делінген бұған дейінгі үкімет жауабында.

Үкімет кеңестің нәтижелері кейінірек хабарлайтынын жеткізді, алайда нақты қашан екені әзірге белгісіз.

Еске салсақ, осыған дейін мәжіліс депутаты Олжас Құпсеков Қазақстанда автокөліктердің алдыңғы бүйір әйнектерін қараңғылатуға рұқсат сұраған болатын. Депутаттың айтуынша, егер бұл бастама жүзеге асса, мемлекеттік бюджетке жыл сайын 50 миллиард теңгеге дейін кіріс түсуі мүмкін.

Тегтер: