Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
13:57, 01 Қазан 2025

Алматы облысында өрт шығып, анасы мен сәбиі тірідей жанып кетті

Өрт
Фото: БАҚ

Алматы облысында Іле ауданындағы Кенен Әзірбаев ауылында өрт шығып, анасы мен сәбиі тірідей жанып кетті.

Үш жеке тұрғын үй мен оларға жақын шаруашылық ғимараттары өрттен зардап шекті.

«Оқиға кеш хабарланғандықтан, жалын тез тараған», - дейді құтқарушылар.

Төтенше жағдайды жоюға ауа райының ыстығы, қою түтін және үйдің қамыс қапталған каркас қабырғалары кедергі болған. Сонымен қатар, үйлердің бір-біріне өте жақын орналасуы (ара қашықтық небары 1,5–2 метр) мен тар көшелер де қиындық тудырды.

Жанып жатқан үйден әйел мен сәбиінің мәйіті табылды, күйік шалған тағы бір адам ауруханаға жеткізілді. Өрт 448 шаршы метр аумақты шарпыған. Ошақтан төрт газ баллоны қауіпсіз жерге шығарылды.

Тілсіз жаумен Алматы облысы және Алматы қаласының ТЖД күштері жұмылдырылды. 18 қызметкер мен 6 арнайы техника тартылды.

Тегтер: