ИИ жасаған сурет дау тудырды: Трамп Рим папасы болғысы келе ме?

АҚШ президенті Дональд Трамп әлеуметтік желілерінде жасанды интеллект көмегімен жасалған суретті жариялап, халықаралық сынға ілікті.
Суретте Трамп ақ сутана мен митра киіп, Папа Рим бейнесінде бейнеленген. Бұл оқиға Папа Францискке арналған қаралы кезең аяқталмай жатып, жаңа Папаны сайлау үшін өтетін конклав қарсаңында орын алды.
АҚШ-тағы католиктік ұйымдар мен Италиядағы беделді бұқаралық ақпарат құралдары бұл әрекетті “қасиетті рәсімге жасалған мазақ” және “құрметсіздік” деп бағалады. Нью-Йоркте орналасқан католик епископтары конференциясы Трампты діни сенімге күлкі еткен деп айыптады.
Трамп бұған дейін әзіл ретінде Папа болғысы келетінін айтқан еді. Оның кейбір жақтастары бұл суретке қатысты әлеуметтік желіде “ақ түтінді күтеміз” деген секілді ирониялық пікірлер жазды. Ақ үйдің баспасөз қызметі бұл постты әзіл деп түсіндіруге тырысып, Трамптың Ватиканға Францискке құрмет көрсету үшін келгенін және католик қауымын әрқашан қолдап жүргенін мәлімдеді.
Бірі мұны орынсыз әзіл деп тапса, енді бірі еркін ой білдіру құқығын қорғайды. Алайда, діни символикаға қатысты мұндай қадамдар халықаралық деңгейде шиеленіс тудырып жатқаны жасырын емес.
Қазіргі таңда Ватикан бұл мәселеге қатысты ресми мәлімдеме жасаған жоқ. Дегенмен, Трамптың бұл әрекеті католик әлемінде үлкен резонанс туғызды.