Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 15:25

Қызылордада екі прокурор темір тордың ар жағынан бір-ақ шықты

Прокурор
Фото: ашық дереккөз

ҚР ҰҚК екі прокурорды ұстады — біреуі шөп саудалаған, екіншісі “әділет сатумен” айналысқан.

Бас прокуратура Қызылордада марихуана сатты деген күдікке іліккен және пара алды деп ұсталған прокурорларға қатысты ресми пікір білдірді.

Қызылорда облысы прокуратурасының қызметкері Олжас Әлиев заңдық статистикамен айналысып қана қоймай, жасыл “тауармен” де табыс таппақ болған сыңайлы. Тергеу нұсқасына сәйкес, ол марихуана таратты деген күдікке ілінді.

Ал Ұлытау облысының прокуроры Самат Қаниев басқа жолмен “жұмыс істеген” – зардап шегушіден миллион теңге алып, “мәселені шешіп берем” деп уәде еткен. Ұсталған жері де Қызылорда.

– Қызылорда облысы бойынша ҰҚКД мен ҚР Бас прокуратурасының Ішкі қауіпсіздік департаменті бірлесіп жүргізген жедел іс-шаралар нәтижесінде Қылмыстық кодекстің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу тіркелді, – деп мәлімдеді ведомстводан.

Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.

Тегтер: