Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 17:40

Билік шұғыл шара қабылдасын: Зиянды зауыт салынатынын Риддер әкімдігі білмеген

Зиянды өндіріс
Фото: Orda.kz

Риддер шыршалы ормандарымен танымал. Дәл осы жасыл аймақта, тұрғын үйлерге жақын маңда, семейлік кәсіпкер зиянды өндіріс — «Қазмырыш» ЖШС-нің өндірістік қалдықтарын өңдейтін зауыт ашуды көздеп отыр.

Аталған аумақты жалға алған «AB Techno» ЖШС құжат бойынша түрлі түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарын қайта өңдеумен және түсті металдарды құюмен айналысады.

Алайда анықталғандай, жалға алушылардың қызмет жобасы әлі дайын емес, экологтар мен өзге де құзырлы органдардан рұқсат алынбаған, қоғамдық тыңдау да өтпеген. Тіпті, қалдықтарын өңдемекші болып отырған «Қазмырышпен» келісім тек ауызша ғана жасалған.

Экологияға төнетін қауіптен алаңдаған Риддер тұрғындары бұл туралы әлеуметтік желіде жазып, қала әкімдігіне үндеу жариялап, билікті шұғыл шара қабылдауға шақырды.

Тегтер: