Трамп пен Путин телефон арқылы тағы да сөйлесті

Бұл – биыл қаңтардан бері қос ел басшыларының алтыншы рет тілдесуі.
Трамптың айтуынша, ол ресейлік әріптесімен Украинадағы соғыс жөнінде пікір алмасқан. Алайда бұл бағытта ешқандай ілгерілеушілік байқалмаған.
«Ұзақ сөйлестік. Көп тақырыпты қамтыдық. Олардың қатарында Иран да, Украинадағы соғыс мәселесі де бар. Бірақ мен бұл әңгімені жемісті деп санамаймын. Прогресс жоқ», - деді Трамп.
Ал Кремльдің хабарлауынша, екі ел көшбасшысының әңгімесі шамамен бір сағатқа созылған. Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаковтың айтуынша, сөйлесу барысында бетпе-бет кездесу туралы нақты ұсыныс түспеген.
"Кездесу мүмкіндігі туралы нақты келісім болған жоқ. Бірақ бұл мәселе кезек күтіп тұрғанын, қажет болған жағдайда нақты келісімге келетінін жақсы білесіздер. Дегенмен дәл осы жолы бұл тақырып қозғалған жоқ", - деді Ушаков.
Путин Трампты туған күнімен, АҚШ Құрлық күштерінің 250 жылдығымен және Америка туы күнімен құттықтады.
Айта кетейік, Трамп пен Путин бұған дейін маусым айының ортасында да телефон арқылы сөйлескен еді.
Ұлыбританияның Financial Times басылымының мәліметінше, 4 шілде күні Дональд Трамп Украина президенті Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлеседі. AFP агенттігіне сұхбат берген Киевтегі дереккөздер бұл қоңырауға әзірлік жүріп жатқанын растаған.