100 адамнан ақша алдыңыз ба? Салық органдары назарда ұстайды

Қыркүйектен бастап салық органдары азаматтардың жеке шотына түсетін мобильді аударымдарды бақылауға алады.
Бұл шара заңсыз кәсіпкерлікті анықтауға бағытталған.
Егер бір адам 3 ай қатарынан ай сайын кемінде 100 түрлі адамнан ақша алып, жалпы сомасы 1,02 млн теңгеден (12 ЕТЖ) асса, ол міндетті түрде жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, 10% табыс салығын төлеуі тиіс.
Туыстардан, достардан немесе той-томалақтағы сыйлық ретінде түскен қаражат салыққа жатпайды. Өйткені ол кәсіпкерлік табыс болып саналмайды.
Қайырымдылыққа жиналған ақша да салықтан босатылады, бірақ мұндай жағдайда ақша жинаған адам оның шынымен қайырымдылық мақсатында қолданылғанын құжатпен дәлелдеуі қажет.
Ал кәсіпкерлер бизнес-шот орнына жеке шотқа төлем қабылдаса, алғаш рет анықталғанда ескерту алады, қайталанса, 157 мың теңгеге дейін айыппұл салынады.