Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 16:40

Сара Назарбаева қайтыс болды деген ақпарат тарады

Назарбаева
Фото: ашық дереккөз

Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жұбайы Сара Назарбаева 85 жасында өмірден өтті деген ақпарат БАҚ-та лезде тарады.

Бұл ақпарат әлі ресми түрде расталмаған.

Соңғы аптада Сара Назарбаева Алматыдағы Президент Іс басқармасының Республикалық клиникалық ауруханасында емделіп жатқан болатын. Бүгін алдын ала мәліметтер бойынша, оның өкпені жасанды желдету аппаратына қосылуын тоқтату туралы шешім қабылданған.

Ұлттық госпиталь мен оның айналасында қатаң қауіпсіздік шаралары күшейтілген, қосымша күзетшілер байқалған.

Бұрын аурухана аумағында еркін жүріп-тұруға болатын еді, бірақ қазір бұл аймақ шектелген. Жаңа қоршаулар да орнатылған.

Дәл қазір Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай "Сара Алпысқызы қайтыс болды" деген ақпаратты жоққа шығарды.

Сара Назарбаева кім?

Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың зайыбы, білім беру саласының құрметті қызметкері  "Бөбек" қорының негізін қалаушы. Инженер-экономист мамандығы бойынша білім алған. 1994 жылдан "505 — Қазақстанның балалар ауылы" қорының, 1999 жылдан "Демография" қайырымдылық қоры қамқоршылар кеңесінің төрайымы қызметін атқарды.