Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеуде Путинмен кездесті

Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путинмен жеке кездесу өткізді.
Бұл туралы Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді.
"Бүгін президент Мәскеуде жүрген Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен Кремльде кездесті", – деді Песков.
Кездесуде қандай мәселе талқыланғаны туралы мәлімет жарияланбады.
Еске салсақ, Назарбаев Путинмен соңғы рет 2024 жылы кездескен еді.
Кездесу туралы ақпарат 13 желтоқсанда 22:00де жарияланған. Өзге деректер жария етілмеді. "Ново-Огаревте Владимир Путин мен Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев кездесу өткізді", – делінген Кремльдің сайтында.
Ново-Огарев – Мәскеу түбіндегі Одинцовск ауданы Усово ауылында орналасқан сарай. Нысан 19-ғасырда бой көтерген. Бұл Путиннің мемлекетік резиденция, мұнда ол қызметтік кеңестер мен ел басшыларымен кездесу өткізеді.