Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Кеше, 18:00

Мұратхан Тоқмәди тағы да шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды сұрап отыр

Тоқмәди
Фото: zhasalash.kz

Адам өлтіргені үшін сотталған Муратхан Тоқмәди тағы да шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды сұрады.

Ержан Тәтішевтің отбасы 12 маусым күні Алматы облысы Алатау қаласындағы сотта Муратхан Тоқмәдидің шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға (УДО) байланысты өтініші қаралатынын мәлімдеді.

Биыл қаңтар айында Тоқмәди УДО сұрап, өтініш берген болатын. Алайда кейін өзі сол өтінішін қарамауды сұрап, бас тартқан.

Еске сала кетейік, кәсіпкер Мұратхан Тоқмәди 2017 жылдың маусым айында қамауға алынған еді. Сол жылдың қазан айында ол орташа қауіпсіздік мекемесінде үш жылға сотталды. Сот Тоқмәдиді бопсалау және қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру бойынша айыпты деп таныды.

Кейін КТК телеарнасына берген сұхбатында Тоқмәди Тәтішевті өлтіргенін мойындады. Ол “Тұран Әлем банкінің” (кейін БТА банк) бұрынғы басшысын өлтіруге Мұхтар Әблязов тапсырыс бергенін мәлімдеді. 2018 жылдың наурыз айында Тоқмәди он жарым жылға бас бостандығынан айырылды.

Банкир Ержан Тәтішев 2004 жылы 19 желтоқсанда Отар стансасы маңында аң аулап жүріп қайтыс болды. Toyota Land Cruiser көлігімен далада жыртқыш аңдарды қуған. Аңды қуып жеткен ол 12 калибрлі мылтықты қасында отырған Мұратхан Тоқмәдиге берген.

Сарапшылардың қорытындысына сәйкес, сол сәтте жол талғамайтын көлік соқпақтан өтіп, мылтық өздігінен атылған. Оқ банкирдің тікелей басына тиген. Тәтішев басының оң жақ бөлігінен оқ жарақатын алған. Оқ сол жақ көзден өтіп кеткен. Олар мұны сол кезде "жазатайым" оқиға деп атаған.

Мұратхан Тоқмәди кім?

Тоқмәди Мұратхан Шәкерханұлы 1966 жылы 2 тамызда Семей облысы Абай ауданында дүниеге келген. Боксқа әуес болып, түрлі жарыстарға қатысып, жеңімпаз атанып, республика чемпионы атанған. Алматы сәулет-құрылыс институтынла инженер-құрылысшы мамандығын оқып бітірген. Одан кейін Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген. Сондай-ақ ол Халықаралық Бизнес Академиясында MBA дәрежесін қорғады.

2003 жылы Мұратхан Тоқмәди "ҚазСтройСтекло" компаниясын – өнеркәсіптік шыны өңдейтін алғашқы қазақстандық зауытты құрды. Елімізде алғаш рет сыйымдылығы 300 мың шаршы метр болатын қауіпсіз шыны және энергия үнемдейтін екі қабатты терезелер өндірісі жолға қойылды.

Тегтер: