Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
08:47, 31 Шілде 2025

ШЫҰ-ның Қытайдағы саммитінде не айтылды?

Шыұ
Фото: БАҚ

2025 жылғы 15 шілдеде Қытайдың Тяньцзинь қаласында Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттердің сыртқы істер министрлері кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Жиынға Қазақстан Республикасының премьер-министрінің орынбасары – сыртқы істер министріМұрат Нұртілеу қатысты.

Кеңесте қазіргі геосаяси жағдайдағы ШЫҰ елдерінің сыртқы саяси үйлестіруін күшейтумәселелері талқыланды. Сондай-ақ алдағықыркүйекте осы қалада өтетін мемлекетбасшыларының саммитіне дайындық барысықаралды.

Қазақстан – ШЫҰ-ның құрылуына бастамашыболған мемлекеттердің бірі. 2001 жылы негізіқаланған бұл ұйымның алғашқы құжаттарынаҚазақстан қол қойған. Содан бері еліміз Ұйымшеңберінде белсенді саясат ұстанып келеді. ШЫҰ аясында қауіпсіздік, терроризмге қарсы күрес, шекаралық ынтымақтастық, сауда-экономикалықбайланыстар, көлік және мәдени-гуманитарлықсалаларда ілгерілеушілік бар. Қазақстан үшін ШЫҰ – тек аймақтық қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ететін алаң ғана емес, сонымен бірге көпжақты экономикалық және гуманитарлық ықпалдастықтың тиімді құралы.

Қазақстандық дипломат өз сөзінде ұйымныңаймақтық қауіпсіздік пен орнықты даму жолындағымаңызды рөлін атап өтіп, ШЫҰ-ны тең құқықты, өзара тиімді серіктестік негізіндегі көпжақтыынтымақтастық моделі ретінде сипаттады. «Ұйымөз беделі мен тиімділігін нығайта отырып, мүшеелдердің мүдделеріне сай ортақ шешімдерқабылдай алатын құрылымға айналды. ШЫҰ – бейбітшілік пен өркендеудің кеңістігіне айналуға толық әлеуеті бар ұйым», – деді министр.

Сондай-ақ Қазақстан СІМ басшысы 2024 жылғы Астана саммитінде қабылданған уағдаластықтарды жүзеге асыру жолындаатқарылған жұмыстарды қорытындылап, ШЫҰ қызметін жетілдіру мен институционалдық дамуды жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.

Іс-шара аясында ШЫҰ елдерінің сыртқы істерминистрлері Қытай төрағасы Си Цзиньпинменбірлескен кездесу өткізді. Онда тараптар сенімге, теңдікке және өзара құрметке негізделгенкөпжақты диалогты жалғастыруға ниетті екендерінбілдіріп, өңірлік тұрақтылық пен қауіпсіздікмәселелерін басты назарға алатындарын айтты.ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің сыртқы саясат ведомстволары бас қосқан бұл жиын ұйымның болашағына қатысты маңызды шешімдерге жол ашып, өзара іс-қимылды одан әрі тереңдетуге негіз болды.

Қазақстан мен ШЫҰ арасындағы қарым-қатынас – елдің көпвекторлы сыртқы саясатының бір қыры. Ұйым Қазақстан үшін тек қауіпсіздік саласында ғана емес, көлік-логистика, энергетика, ауыл шаруашылығы және цифрлық трансформация бағыттарында да жаңа мүмкіндіктер ұсынады. Тяньцзиньдегі кездесу осы бағыттағы өзара серіктестікті жаңа деңгейге көтеруге негіз болмақ. Қазақстан ШЫҰ-ның өңірлік қауіпсіздікті нығайтып, даму мен өркендеуге жол ашатын ықпалды алаңға айналатынына сенеді.

Еламан Өмірхан

Тегтер: