09:33, 04 Қаңтар 2024
Қазақстанда шетелдіктер үшін туристік жарна жойылды
Қазақстандағы шетелдіктер үшін туристік жарна алынып тасталды. Өзгерістер 9 қаңтардан бастап күшіне енеді, деп хабарлайды Zhasalash.kz.
Елімізде туризм және спорт министрінің 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №347 бұйрығына сәйкес, бүкіл ел бойынша нөлдік мөлшерлемені белгілей отырып, туристік жарнаны төлеу қағидаларына өзгерістер енгізілді. Жаңа ережелер ағымдағы жылдың 9 қаңтарынан бастап күшіне енеді.
Қазақстанның туризм және спорт министрлігі шетелдік келушілер үшін туристік жарнаның жойылғанын жариялады.
Бұған дейін Қазақстанда өңірлік туризмді дамыту үшін қаражат жинау мақсатында туристік жарнаның ең төменгі мөлшерлемесі 0,3 АЕК (2023 жылы 1035 теңге), ал ең жоғары мөлшерлеме – 0,5 АЕК (1725 теңге) құрады.