Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 09:04

88,6% дауыс беруші Жаңа Конституцияны қолдады

Референдум
Фото: ашық дереккөз

Қазақстанда жаңа Конституцияны қабылдау бойынша өткен ұлттық референдумға қатысты алғашқы экзитпол нәтижелері жарияланды.

«СОЦИС-А» кешенді әлеуметтік зерттеулер институтының дерегінше, сауалнамаға қатысқандардың 87,4%-ы түзетулерді қолдаған. Дауыс беруге қатысу деңгейі 73,8% болған.

Ұқсас нәтижені Еуразиялық интеграция институты жүргізген экзитпол да көрсетті — дауыс беруге қатысқандардың 86,7%-ы өзгерістерді «қолдаймыз» деп жауап берген.

Ал «AMANAT» партиясының Қоғамдық саясат институты жүргізген зерттеуге сәйкес, қолдау деңгейі 88,6%-ға жеткен. Бұл ретте дауыс беруге қатысу көрсеткіші 72,1% болған.