Трамптың әйелінің Путинге жазған хаты (толық нұсқа)

Fox News Мелания Трамптың Путинге жазған балалар туралы хатын жариялады.
«Құрметті Президент Путин! Әрбір бала жүрегінде бірдей арман сақтайды, мейлі ол ауылдың қарапайым түкпірінде дүниеге келсін, мейлі әсем қаланың қақ ортасында өссін. Олар махаббатты, мүмкіндікті және қауіптен қорғанышты аңсайды. Ата-ана ретінде біз келесі ұрпақтың үмітін қолдауға міндеттіміз. Ал көшбасшы ретінде балаларға қамқор болу жауапкершілігі тек санаулы адамның жайлы өмірімен шектелмейді.
Даусыз, біз әрбір жан тыныштықпен оянатын, болашағы сенімді қорғалған, қадір-қасиетке толы әлем құруға ұмтылуымыз керек. Бұл – қарапайым, бірақ терең ұғым, Путин мырза. Себебі әрбір ұрпақ өз өмірін географиядан да, үкіметтен де, идеологиядан да биік тұратын пәктіктен – кінәсіздіктен бастайды.
Бүгінгі әлемде кейбір балалар айналасындағы қараңғылыққа қарамастан, үнсіз қарсылық білдіргендей, ішкі күлкісін сақтап қалған. Бұл – олардың болашағын тартып алуы мүмкін күштерге қарсы үнсіз күресіндей…
Путин мырза, сол әуенді күлкіні сіз қалпына келтіре аласыз. Сол балаларды қорғау арқылы тек Ресей ғана емес, бүкіл адамзатқа қызмет етесіз”, - деп жазды Трамптың әйелі.