Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:05, 06 Мамыр 2025

“9 мамырға үлгермеді”: Соғыс ардагері 103 жасқа қараған шағында өмірден озды

Соғыс ардагері
Фото: ашық дереккөз

Бұл туралы СҚО әкімдігі хабарлады.

Валентина Волкодав 19 жасында майданға өз еркімен аттанып, соғыс жылдарында инженерлік-саперлік бөлімде қызмет етті.

- Мен соғыстың не екенін білемін. Мектепті аяқтай сала өзім армандаған институтқа түспей, майданға аттандым. Жауынгер қатарына қабылдана сала паспортымызды тапсырып, әскери билет алдық, - деген еді соғыс ардагері.

Ол Беларусь және Украина майдандарында жауынгерлердің алға жылжуына жағдай жасау үшін өз өмірін қатерге тігіп, көпірлер мен өткелдер салумен айналысты. Әскери міндетін үлкен жауапкершілікпен атқарған Валентина бірнеше рет жау оғынан аман қалып, батырлығы мен қайсарлығы үшін марапаттарға ие болды. Соғыстан кейін де ол елге адал еңбек етуді жалғастырып, кейінгі ұрпаққа патриоттық тәрбие беруге өз үлесін қосты.

Ол Волга өзенінен Берлинге дейінгі жолды жүріп өтті, II дәрежелі ҰОС ордені және басқа да медалдармен марапатталған.

Соғыстан кейін Валентина Архиповна еліміздің дамуына қызмет етті. Целиноградтағы керамикалық зауытта бухгалтер болып жұмыс істеді, ал соңғы 30 жылдан астам уақытта Петропавлда тұрды.