Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:25, 12 Қыркүйек 2025

Түркістан облысында қартты ұрған келінге де қылмыстық іс қозғалды

Соққы
Фото: видеодан скриншот

Жақында Түркістан облысының Шардара ауданындағы Қоссейіт ауылында туған әкесін өлтіруге дейін жеткізген оқиға жарияланды. 

Шардара ауданындағы қайғылы жағдайдан кейін ер адамға ҚР ҚК «Қасақана ауыр зиян келтіру, өлімге әкеп соғу» бабы бойынша іс қозғалып, ол қамауға алынды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазіргі уақытта ол сот санкциясымен қамауда отыр.

Ал қарияның келініне қатысты «Адамдар тобы жасаған ұрып-соғу» бабымен тергеу басталды. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

«Сотқа дейінгі тергеу барысында оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіледі. Оның нәтижелері бойынша тиісті іс жүргізу шешімі қабылданады. Тергеу барысында арызда көрсетілген барлық деректер тексеріліп, аяқталған соң қылмыстық процеске қатысушылардың әрекеттеріне құқықтық баға беріледі», - делінген Түркістан облыстық ПД хабарламасында.

Тегтер: