Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Кеше, 09:40

Түркияда «Росатом» салып жатқан АЭС-те ереуіл басталды

Ресей
Фото: ашық дереккөз

Желіде видео жарияланды.

Түркиядағы «Аккую» атом электр станциясының құрылысында жалақының кешіктірілуіне байланысты жұмысшылар ереуілге шықты. Әлеуметтік желілерде ереуіл барысынан және тәртіп сақшыларының жұмысшыларды тарату әрекеттерінен видео тарауда.

Түркия
Фото: видеодан скриншот

Ресми билік немесе құрылыс компаниясы әзірге ешқандай түсініктеме берген жоқ. Dialectic.club мәліметінше, жалақы үш айдан бері төленбей келеді.

Журналист Михаил Козачковтың Telegram-арнасының хабарлауынша, ереуілге шыққан жұмысшылардың арасында шамамен 200 қазақстандық бар. Олардың бірі оқиға орнынан видео жолдаған.

«Аккую» АЭС — Түркиядағы алғашқы атом жобасы. Оны ресейлік «Росатом» компаниясы салып жатыр. Төрт энергоблоктан тұратын станция елдің электр энергиясына деген сұранысының 10 пайызына дейінін өтеуге қауқарлы.

«Біз биыл бірінші реакторды іске қосамыз деп алдымызға мақсат қойдық. Тестілік режимде болса да электр энергиясын осы жылы өндіруді бастауға ниеттіміз. Алғашқы реакторда электр энергиясының өндірілуі өте маңызды», - деді Түркия министрі.

Ал жалпы ереуілге қатысты ресми мәлімдеме жасалған жоқ.