Талғарда ер адамды өлтіріп, екі жасар баланы ұрлап кеткен

Адвокат Гаухар Сариева Талғар қаласында болған ауыр қылмыс жайлы хабарлады.
Күдікті әйелдің ағасын атып өлтіріп, оның екі жасар қызын ұрлап кеткен.
Адвокаттың айтуынша, бір ай бұрын отбасы жергілікті полицияға автосервис қызметкері тарапынан жасалған зорлық жөнінде арыз түсірген. Алайда тәртіп сақшылары ешқандай шара қолданбаған. Жәбірленушінің туыстары күдіктіні өздері ұстап апарғанымен, полиция оны босатып жіберіп, тіпті телефонын да қайтарып берген. Осыдан кейін күдікті қызға қоқан-лоқы жасап, өміріне қауіп төндіре бастаған.
«Бүгін жәбірленушінің ағасын өлтіріп, баласын ұрлап кетті. Талғарда адамдарға өмір сүру қорқынышты, тіпті арыз жазуға жүрексінеді», – деді Сариева.
Ішкі істер министрлігі арнайы жасақтың ұрланған баланы аман-есен құтқарғанын мәлімдеді. Қазіргі таңда оның өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.