Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
13:11, 24 Шілде 2025

Қазақстандықтар енді ChatGPT қолданғаны үшін салық төлейді

Chatgpt
Фото: chatgpt

ChatGPT-ке жазылған қазақстандық қолданушылар енді қосылған құн салығын (ҚҚС) төлейтін болады.

OpenAI компаниясы бұл туралы пайдаланушыларға арнайы хабарлама таратқанын Bluescreen басылымы жазды.

2025 жылғы 1 тамыздан бастап OpenAI Қазақстандағы жазылым төлеміне 12% ҚҚС қосатынын мәлімдеді. Яғни, мысалы, бұрын ChatGPT Plus жазылымы $20 тұрса, енді ол $22,40 болады.

Фактура
Фото: БАҚ

Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге (ЖК) бұл салықтан босатылуға мүмкіндік бар. Ол үшін OpenAI аккаунтындағы салық деректеріне БСН-ды (бизнес-сәйкестендіру нөмірін) 2025 жылғы 1 тамызға дейін енгізу керек. Егер осы күнге дейін БСН енгізілмесе, ҚҚС автоматты түрде есептеліп, сіз оны жеке тұлға ретінде төлейсіз және кейін шегере алмайсыз.

2025 жылғы мамыр айында Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті OpenAI компаниясының Қазақстанда ҚҚС төлеуші ретінде тіркелгенін хабарлаған. 2025 жылдан бастап күшіне енген жаңа Салық кодексіне сәйкес, ҚҚС мөлшерлемесі 12%-дан 16%-ға өседі. Сонымен қатар ҚҚС бойынша тіркеу шегі 78,6 млн теңгеден 40 млн теңгеге дейін төмендетілді.

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда Google, Microsoft, Amazon, OpenAI секілді шетелдік IT-компаниялардың цифрлық қызметтеріне қосылған құн салығы (ҚҚС) енгізіледі. Бұл өзгеріс ChatGPT, GitHub Copilot және басқа да жасанды интеллектке негізделген құралдарды қолданатындарға әсер етеді.

Мұндай өзгерістер мемлекеттік бюджетті толықтыру және шетелдік цифрлық сервистерді салықтық реттеуге бейімдеу мақсатында енгізілуде.

ҚҚС-ты формалды түрде компаниялар төлейді, бірақ шын мәнінде бұл салықтың ауыртпалығы қолданушылардың, яғни қарапайым азаматтардың мойнына түседі — салық жазылым бағасына автоматты түрде қосылады.

Тегтер: