Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 17:47

Қазақстаннан Таяу Шығысқа бағытталған бірқатар рейс тоқтатылды

Ұшақ
Фото: ашық дереккөз

Иран әуе кеңістігінің жабылуына және өңірдегі тұрақсыз жағдайға байланысты Қазақстаннан Таяу Шығыс елдеріне ұшатын кейбір рейстерге өзгерістер енгізілді.

Air Astana әуе компаниясының мәліметінше, бірнеше рейс кері қайтарылған. Атап айтқанда, KC263 Алматы – Медина, KC897 Алматы – Дубай, KC653 Алматы – Доха, сондай-ақ KC205 және KC207 Астана – Дубай бағыттары ұшу әуежайларына қайта оралған. Бұдан бөлек, KC899 Алматы – Дубай рейсінің бағыты Дели қаласына өзгертілді.

Ал FlyArystan компаниясының FS7617 Ақтау – Дубай рейсі балама әуежайға бағытталған.

28 ақпаннан бастап Таяу Шығысқа жоспарланған өзге рейстер де уақытша тоқтатылды. Әуе компаниялары жолаушыларға рейс мәртебесін алдын ала тексеруді ескертеді, себебі ұшу және қону уақыттары өзгеруі мүмкін.

6 наурызға дейін Джидда, Медина және Дубай бағыттарына сатып алынған билеттерді сатып алу орнында тегін қайта брондау немесе қайтару мүмкіндігі берілген.