Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 14:10

Израиль елшілерін өлтірген күдікті өлім жазасына кесілуі мүмкін

Родригес
Фото: ашық дереккөз

Израиль елшілеріне жасалған шабуыл халықаралық қауымдастықты елең еткізді. 

Қылмыс Вашингтонда, Израильдің АҚШ-тағы дипломатиялық миссиясы маңында орын алған. Тергеу материалдарына сәйкес, 31 жастағы Елиас Родригес бірнеше күн бойы елшілікті аңдып, шабуылды алдын ала жоспарлаған. Күдікті ұсталған кезде оның көлігінен атыс қаруы, оқ-дәрілер және жалған құжаттар табылған.

АҚШ құқық қорғау органдары Родригесті шетелдік дипломаттарға қарсы лаңкестік сипаттағы әрекет жасады деп отыр. Егер кінәсі дәлелденсе, ол Колумбия округінің заңнамасы бойынша ең ауыр жаза — өлім жазасына тартылуы мүмкін.

Осы оқиғадан соң Израиль Сыртқы істер министрлігі әлемдегі барлық елшіліктерінде қауіпсіздік шараларын шұғыл күшейтуге бұйрық берді. Министр Эли Коэн бұл шабуылды “Израиль мемлекетіне қарсы бағытталған халықаралық терроризм” деп бағалап, кінәлілердің жазасыз қалмайтынын мәлімдеді.

Қазіргі уақытта тергеу жалғасып жатыр. АҚШ пен Израиль арнайы қызметтері шабуылдың артында қандай да бір халықаралық террористік ұйымдар тұрған-тұрмағанын анықтап жатыр.

Еске салайық, 22 мамырда Израиль әскері халықаралық дипломаттарға оқ атты. Оқиға Батыс жағалаудағы Дженин қаласында болған. 20-дан аса елден жиналған бір топ делегатты ЦАХАЛ әскері босқындар лагеріне кіргізбей қойған. Кіреберіс қақпаның алдын торуылдаған сарбаздар 4 рет оқ атқан.

Израильдің салаға жауапты шенділері бұл ескерту болғанын алға тартса, Ұлыбритания, Франция, Канада сынды өзге ел дипломаттары қасақана жасалған шабуыл екенін айтып отыр. Себебі, бұл сапар алдын-ала келісіліп, ресми түрде бекітілген. Басты мақсат- аумақтығы босқындар лагеріне барып, гуманитарлық ахуалға баға беру болған. Еврей билігі оқиғаға қатысты кешірім сұрағанымен, әлем елдерімен бірге БҰҰ-ның бас хатшысы Антониу Гутерриш қатаң сынға алды. Олар Израиль билігінен мән-жайды анықтап, әділ тексеріс жүргізуін талап етті.

 

Тегтер: