Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Кеше, 10:15

ХАМАС 10 кепілді босатып, 18 мәйітті Израильге қайтаруға келісті

Хамас
Фото: topwar

“Хамас” ұйымы АҚШ ұсынған атысты тоқтату жоспары аясында 10 тірі кепілді босатуға және палестиналық тұтқындарға айырбас ретінде Израильге 18 мәйітті тапсыруға келісті. 

Бұл туралы Deutsche Welle басылымы хабарлады.

АҚШ президентінің Таяу Шығыстағы өкілі Стив Уиткофф ұсынған құжатқа Израиль тарапы бұған дейін келісім берген. Алайда ХАМАС өз шарттарынан бас тартқан жоқ. Ұйымның талаптары қатарында:

  • Газа секторынан Израиль әскерін толық шығару;
  • Тұрақты атысты тоқтату;
  • АҚШ жоспарына енгізілмеген аймақтарға гуманитарлық көмекті жеткізуге халықаралық кепілдік берілуі бар.

Аты-жөнін жарияламауды сұраған израильдік шенеуніктің айтуынша, Израиль бұл жауапты “де-факто бас тарту” ретінде қабылдаған. Себебі ХАМАС ұсынылған жоспарға қосымша талаптар енгізіп отыр.

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху бұрынғы ұстанымын қайталап, ХАМАС-ты толығымен жою қажет екенін мәлімдеді. Израиль тарапының мәліметіне сәйкес, қазіргі уақытта ХАМАС 20–23 адамды кепілде ұстап отыр, сондай-ақ кемінде 35 адамның мәйіті олардың қолында болуы мүмкін.

Бұл жағдай Израиль мен ХАМАС арасындағы келіссөздердегі басты түйткілдердің бірі – кепілге алынған азаматтардың тағдыры мен гуманитарлық жағдайдың ушығуы екенін көрсетеді. АҚШ пен араағайын елдер атысты тоқтатуға күш салып жатқанымен, тараптар арасындағы сенімсіздік пен шарттардың сәйкессіздігі келісімге келуге кедергі болып отыр.

Тегтер: