Голан жоталарындағы жеңіс

Голан биіктеріндегі Біріккен ұлттар ұйымыныңбейбітшілікті сақтау миссиясы аясындақазақстандық бітімгерлік ротасы орналасқан Фауарбазасында ұлттық контингенттер арасында үстелтеннисінен турнир өтті.
Шілде айының басында өткен бұл спорт додасы бейбітшілік пен ынтымақты нығайтуды көздейтін халықаралықәскери миссияның рухына сай ұйымдастырылды.
Қазақстандық әскери қызметшілер – майор Михаил Выдрин мен сержант Қуат Әшімханов бұлжарыста ерекше шеберлік танытып, жұптықсанатта бірінші орынға қол жеткізді. Түрлі елдердіңүздік ойыншыларымен бақ сынасқан олар шешушісәттерде салқынқанды өнер көрсетіп, қарсыластарынан басым түсті.
«Біз бұл жарысқа тыңғылықты дайындалдық. Қарсыластардың тактикасын зерттеп, өзойынымызды жетілдірдік. Бірақ ең бастысы – саптастарымыздың қолдауы бізге үлкен жігерберді», – дейді турнир жеңімпаздары.
Голан биіктерінде өткен бұл үстел теннисітурнирі шеберлік сайысы ғана емес, әр елдіңсарбаздары арасындағы достықты, өзара түсіністікпен сыйластықты арттыруға бағытталған маңыздықадам саналады. Осыны ескерген қазақстандық бітімгерлік контингентінің командирі,подполковник Жәнібек Нұрланов жеңіске жеткен сарбаздарды құттықтап, олардың спорттағы жетістігі еліміздің халықаралық аренадағы оң имиджін арттыратынын атап өтті.
Біріккен ұлттар ұйымының бітімгершілік миссиясына Қазақстан биыл екінші рет дербес контингент ретінде қатысып отыр. Оған елдегі ең тәжірибелі, ең үздік сарбаздар аттанғаны анық. Яғни бітімгер әскерлеріміз жай сарбаз емес, спортшы да бола алады. Мұны жауынгерлеріміз дәлелдеп жүр.
Осы жолғы теннис турниріндегі жеңіс – қазақстандық бітімгерлердің спорттық жарыстардағы алғашқы табысы емес. Бұған дейін де еліміздің сарбаздары толағай табысқа жеткен. Мысалы, бітімгерлеріміз бұған дейін Ливандағы БҰҰ миссиясы аясында футбол және волейболдан өткен турнирінде, Батыс Сахарадағы MINURSO миссиясы барысында әскери жүгіру мен шахмат турнирінде жүлделі орындарға ие болған. Ал 2024 жылы Секторальдық жаттығулар кезінде армрестлинг пен кросс сайыстарында жақсы нәтиже көрсетті.
Бұл табыстар қазақстандық әскери қызметшілердің кәсіби біліктілігімен ғана емес, жан-жақты дене дайындығымен де ерекшеленетінін дәлелдеп беріп отыр.
Айта кетейік, Қазақстанның дербес бітімгерлік контингенті 2024 жылдан бастап Біріккен ұлттар ұйымының бөлінуді бақылау жөніндегі миссиясына қатысып келеді. Бітімгерлердің басты міндеті – қауіпсіздікті қамтамасыз ету, гуманитарлықжүктерді алып жүру, патрульдік қызмет жүргізу, сондай-ақ Израиль мен Сирия арасындағыбейтарап аумақта тұрақтылықты сақтау.
2024 жылы наурыз айында Қазақстанныңтұңғыш тəуелсіз бітімгершілік контингенті Голан үстіртіне аттанған болатын. Ондағы қазақстандықәскери қызметкерлердің жалпы саны 139 адамболды (оның ішінде 4 әйел қызметші бар). Қазақстандық бітімгерлер бір жылда БҰҰ-ныңажыратуды бақылау күштерінің құрамында жұмысістеп, өздеріне берілген мандат аясында 557 нақтытапсырма орындады. Қазақстанның тұңғыштəуелсіз бітімгершілік контингенті өз міндетін аса сәтті орындады деп бағалауға болады.
Ал биыл сәуірде Қазақстанның екіншібітімгершілік контингенті Сирия-Израиль шекарасына аттанған. Іріктеуден биыл да 139 сарбаз өтіп, Голан жоталарындағы әріптестеріналмастырды. Кейінгі 20 жылда 600-ден аса қазақстандық əскери қызметкер Біріккен ұлттар ұйымының бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау жөніндегі халықаралық міндеттемесіне атсалысты.
Елназым Қуанқызы