Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 12:10

"Үш рет пышақтадым": Шерзат Полат ісіндегі басты күдіктіден жауап алынып жатыр

Абзал
Фото: TikTok

Сотта Абзал Шынасыл жантүршігерлік айғақ берді.

Шерзат Полаттың өліміне байланысты өтіп жатқан сот процесінде айыпталушы Абзал Шынасыл өзіне тағылған айыпты ішінара мойындады. Ол Шерзат Полатты өлтірмегенін айтты.

21 мамырда өткен сот отырысында Абзал Шынасыл тергеу кезінде «Шерзат Полатты өлтірдім» деп мойыныма алуға мәжбүр болдым деді.

Мойныма алған себебім, біз Талғар қаласында полиция басқармасында болған кезімізде тергеушілер «бұны бір адам істеді. Бір адам мойындарыңа алмасаңдар қиын болады» деді. Сонымен бізді Қонаев қаласына этаппен алып кететін болды. Газельдің ішінде Равиль Сәкиев, Шыңғыс Белғожев, Азамат Тоқтаубаев төртеуміз болдық. Сол кезде сөйлестік. Равиль Сәкиев: «Мынаны бір адам істеді. Бір адам мойындасын. Мойындамаса бәрімізге қиын болады» деді сол кезде, - деді Абзал Шынасыл сотта берген жауабында.

Басты күдіктінің айтқандары:

Ол Шерзаттың ағасы Нұрғанат Ғайыпбаевтың жамбасынан үш рет пышақ сұққанын мойындады. Сол сәтте оны артынан біреу ұстап алған. Кейін оның Дархан Әскентай екенін білген. Күдікті оның кім екенін білмей екі рет ұрғанын мойындады;

Абзал пышақты сүртіп, Данадан "саусақ іздерін жою үшін" Dizzy құйып беруін өтінгенін айтты. Сосын пышақты қорапқа емес, бөлек лақтыра салған;

Шерзатты жерде жатқан кезде тепкенін мойындады. Оның айтуынша, Нұрғанат Ғайыпбаев мылтығын алып, "Тоқта" деп айғайлап, оқ атқан. Ал оқ айыпталушының құлағының тұсынан өткен;

Абзалға қай баптар бойынша іс қозғалды:

Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлігі, 5, 9, 14-тармақтары (Аса қатыгездікпен, бұзақылық ниетпен, кәмелетке толмаған адамға қатысты өлтіру);

 293-бап 3-бөлігі (суық қару арқылы жасалған бұзақылық).

Тегтер: