Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:50, 12 Қараша 2023

Мәскеу журналист Юрий Дудьты "Ресей қарулы күштерін дискредитациялау" бабы бойынша тексеріп жатыр

юрий
Фото: из открытых источников

Тасс агенттігінің хабарлауынша, оған журналистің Виктория және Вадим Цыгановтармен сұхбаты себеп болған.

Журналиске қарсы қоғам өкілдерінің бірі арыз түсіргені хабарланады. Алайда құзырлы органдар оның атын атамайды.

Десе де бұған дейін Жемқорлыққа қарсы күрес және қауіпсіздік федералды жобасының басшысы Виталий Бородин журналистің үстінен арызданғаны белгілі болған. Ол Дудьтың "арнайы операцияны" соғыс деп атағанын мысалға келтірген.

2022 жылдың ақпан айында Юрий Дудь Украинаға қарсы соғысты жария түрде айыптап, Ресейден кетіп қалған.

 

Тегтер: