12:04, 07 Қараша 2023
Қазақстанда шенеуніктер мен әскерилердің ойын мекемелеріне баруына тыйым салынды
Тиісті жарлық 17 қарашадан бастап күшіне енеді
Мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне ойын мекемелеріне баруға тыйым салынды, деп хабарлайды Zhasalash.kz.
Шенеуніктер мен әскери қызметшілердің әдеп қағидаларына толықтырулар енгізетін жарлыққа Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.
Құжатқа сәйкес, Қазақстандағы әскери қызметші қызметтік міндеттерін атқарумен байланысты жағдайларды қоспағанда, ойын мекемесіне барудан бас тартуы тиіс.
Осындай норма Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексіне және ҚР Құқық қорғау органдары мен азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің әдеп кодексіне енгізіледі.