«ҚазМұнайГаз» басшылары қанша жалақы алатыны белгілі болды

Ұлттық компания «ҚазМұнайГаздың» директорлар кеңесі мен басқарма мүшелері 2024 жылы 705 миллион теңгеден астам сыйақы алған.
Бұл ақпарат компанияның қаржылық есептілігінде жарияланды.
2024 жылы:
• Директорлар кеңесінің мүшелері — 207,2 млн теңге табыс тапқан. АҚШ долларымен төлемдер жасалмаған. Салыстыру үшін, 2023 жылы олар 97,2 млн теңге және 196,3 мың доллар алған.
• Басқарма мүшелері — 497 млн 815 мың теңге алған. Бұл сомаға жалақы, сыйақы, салықтар мен зейнетақы аударымдары толық кіреді.14:55Директорлар кеңесінің құрамында: Ернат Бердіғұлов, Ұзақбай Қарабалин, Елжас Отыншиев (барлығы «Самұрық-Қазына» өкілдері), Асхат Хасенов, Асқар Шәкіров, Сая Мыңшарипова, Арман Арғынғазин, Арманбай Жүбаев және Ұлыбритания азаматы Филип Малкольм Холланд бар.
Басқарма төрағасы — Асхат Хасенов. Басқармада барлығы сегіз адам қызмет етеді.
Салыстырмалы деректер:
• Басқарма мүшелерінің жалақысы 2023 жылмен салыстырғанда 28%-ға өскен.
• Директорлар кеңесінің жалпы сыйақысы 10,9%-ға артқан (2023 жылғы орташа доллар бағамы — 456,31 теңге болғанын ескерсек).
Жалпы есеппен, әрбір директор айына орта есеппен 1,9 млн теңгеден, ал басқарма мүшелері — 5,1 млн теңгеден астам табыс тапқан.