Петропавлдағы бес қабатты үйде өрт шықты: құтқарушылар 100-ден астам адамды эвакуациялады
Петропавл қаласында 2-Первомайская көшесіндегі бес қабатты тұрғын үйде өрт шықты.
Өрт жоғарғы қабаттардың біріндегі пәтерден басталған.
Оқиға орнына құтқарушылар бөлімшелері дереу жетті. Өрт сөндірушілер баспалдақ арқылы 27 адамды, оның ішінде 15 баланы сыртқа шшығаған.
«Сонымен қатар үйден тағы 76 тұрғын, оның ішінде 23 бала эвакуацияланды», — деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.
Өрт сөндірушілер өртті толықтай сөндірді. Ведомство мәліметінше, зардап шеккендер жоқ.
Бірнеше күн бұрын Семей қаласында Шугаев көшесіндегі «Бала Парк» балалар ойын-сауық орталығында өрт шыққан еді. Өрт сөндірушілер жеткен кезде ғимарат жанып жатқан, ал шатырдың бір бөлігі құлап түскен. Келушілер мен қызметкерлер құтқарушылар келгенге дейін ғимараттан өз бетімен шығып үлгерген.