Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 14:20

Әзербайжан ресейлік әртістердің барлық мәдени іс-шараларын тоқтатты

Әлиев
Фото: zhasalash.kz

Тоқтатылған мәдени іс-шаралардың тізімі жарияланды.

Әзербайжан билігі ресейлік құқық қорғау органдарының әзербайжандық азаматтарға жасаған дөрекі әрекеттерінен кейін Ресей өнерпаздарының елдегі барлық мәдени шараларын тоқтату туралы шешім қабылдады. Елдің Мәдениет министрлігінің мәліметінше, оқиғаға себеп – азаматтардың ұлтына байланысты қатыгездік көрсету.

Әзербайжандағы орыс қауымдастығы Ресей тарапының іс-әрекетін айыптап, Екатеринбургте болған оқиғаны объективті түрде тергеуге үндеді. Ресейдің сыртқы істер министрлігі Екатерингбургтегі тұтқындаулар ауыр қылмыстарды тергеу аясында жүргізілгенін және жағдайды бақылауда ұстап отырғанын мәлімдеді. Министрліктің ресми өкілі Мария Захарова бұл істер 2001, 2010 және 2011 жылдары жасалған кісі өлтіру қылмыстарымен байланысты деп нақтылады.

Сонымен қатар Ресей вице-премьері Алексей Оверчуктің шілдеге жоспарланған Бакуге сапары да жойылды. Бұл туралы Әзербайжан Ұлттық Жиналысының депутаты мәлімдеп, қалыптасқан жағдайға байланысты ел үкіметі бұл сапардың еш мағынасы жоқ деп есептейтінін айтты.

iTicket.az порталы жариялаған тоқтатылған шаралар тізіміне мыналар кірді:

  • Баста концерті;
  • Сергей Безруков, Леонид Агутин және Анжелика Варумның концерттері;
  • “Щелкунчик”, “Аққулар көлі”, “Ромео мен Джульетта” және “Томпақ қыз” балеттері;
  • “Мастер мен Маргарита” мен “Щелкунчик” туындыларының негізінде қойылған фламенко жанрындағы спектакльдер.

Алдын ала билет сатып алған азаматтар ақшаларын қайтару үшін билеттер сатылған орындарға немесе онлайн платформаларға жүгінуге болады.

Сонымен қатар Әзірбайжанның Milli Məclis (Ұлттық мәжіліс) бірінші орынбасары Әли Ахмедов басшылық ететін делегация Ресеймен екіжақты парламенттік комиссияның 23-ші отырысына қатыспайды. Бұл отырыс Мәскеуде өтуі тиіс болатын. Бұл шешім де Екатеринбургтегі әзірбайжандарға қатысты құқық қорғау органдарының заңсыз әрекеттері мен зорлық-зомбылық жағдайларының жиілеуіне байланысты қабылданған.

Әзірбайжан парламентінің баспасөз қызметі бұл мәселені ресми түрде хабарлады.

Бұл қадамдар Бакудың ресми наразылығының ауқымын және дипломатиялық деңгейдегі салмақты реакцияны көрсетеді.

Сонымен қатар Әзербайжандағы орыс қауымдастығы ресейлік құқық қорғау органдарының әрекетін айыптап, қылмыспен күрес заң шеңберінде жүргізілуі тиіс екенін және адам өліміне әкелмеуі керек екенін мәлімдеді. Түрік-әзербайжан достығы қауымдастықтары федерациясының (TADEEF) өкілі Сердар Үнсал бұл рейд тапсырыспен ұйымдастырылған болуы мүмкін екенін айтып, тергеуге халықаралық құқық қорғау ұйымдарының араласуын талап етті.

Бұған дейін Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Мәскеудегі Жеңіс парадына қатысудан бас тартқан болатын. Ал Ресей Мемдумасының кейбір депутаттары бұл шешімге саяси астар жоқ деп мәлімдеген.

Тегтер: