Бүгін, 13:45
Украина оқ атуды бірден тоқтатуға дайын – Макрон

Франция президенті Эммануэль Макрон Украина президенті Владимир Зеленскиймен Римдегі кездесуі туралы айтты.
Мемлекет басшылары Рим Папасы Францисканың жерлеу рәсімінде кездескен. Макрон әлеуметтік желілерде Зеленскиймен соғысты тоқтату мәселесіне қатысты пікір алмасқанын жазды.
– Украинадағы соғысты тоқтату – біз президент Трамппен бірге көздейтін ортақ мақсат. Украина оқ атуды сөзсіз тоқтатуға дайын. Президент Зеленский бүгін маған мұны растады. Ол бұл үшін америкалықтармен және еуропалықтармен бірлесіп жұмыс істеуге ниетті, – деп жазды Макрон.
Франция көшбасшысы енді Владимир Путиннің бейбітшілікті шын мәнінде қалайтынын дәлелдеуі керек екенін атап өтті.