Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Кеше, 18:00

Бишімбаев түрмеде отырып қанша табыс табады?

Бишімбаев
Фото: ашық дереккөз

Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін сотталған экс-министр Қуандық Бишімбаев түрмеде айлық табысым жоқ деп, балаларына төленетін алиментті азайтуды сұраған. 

Бірақ сот оның «кедейлігіне» сенбей, бұрынғы мөлшерді сол күйі қалдырды.

2020 жылы Қуандық Бишімбаев бұрынғы жұбайы Назым Қахарманмен нотариалдық келісім жасаған. Ол келісім бойынша ай сайын үш баласына 1,6 млн теңге төлеуге міндеттелген. Ақша әр айдың 20-сына дейін түсуі керек.

ҚР «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексінің 139-бабына сәйкес, үш немесе одан да көп балаға алимент — табыстың 50%-ын құрайды.

Егер 1,6 млн теңге — табысының жартысы болса, Бишімбаевтың ай сайынғы табысы шамамен 3,2 млн теңге болуы мүмкін. Бірақ бұл сома сот шешімімен емес, ерікті түрде келіскен сома екенін ескерсек — нақты табысы бұдан әлдеқайда көп болуы да мүмкін.

2023 жылдың күзінде Бишімбаевтың бірқатар мүліктері мен бизнеске қатысы бары айтылды. Яғни, ол ресми түрде жұмыс істемесе де, табыс көзі болуы мүмкін. Сот оның жалақысы жоқ деген сөзіне сенбей, балаларға бұрынғыдай 1,6 млн теңге төлеуді міндеттеді.

Қысқасы, Бишімбаев түрмеде отырса да, әмиян “бостандықта” жұмыс істей береді.

Тегтер: