Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 16:02

ҚазТАГ басшысы Әсет Матаев екі айға қамауға алынды

Әсет
Фото: ашық дереккөз

ҚазТАГ ақпарат агенттігінің басшысы Әсет Матаев екі ай мерзімге қамауға алынды. Бұл туралы оның адвокаты Рена Керимова Азаттық радиосына мәлімдеді.

Адвокаттың айтуынша, сот Матаевқа қатысты бұлтартпау шарасы ретінде қамауды таңдаған. Сонымен қатар прокуратураға оған жедел медициналық көмек көрсету қажеттігі жөнінде ескерту жасалған.

Айта кетейік, осы аптада Әсет Матаевтың Алматыда болған төбелес кезінде жарақат алғаны туралы ақпарат тараған еді. Полиция мәліметінше, аталған оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің «Бұзақылық» бабы бойынша іс қозғалып, жанжалға қатысушылардың барлығы, соның ішінде Матаев та ұсталған.

Бұған дейін адвокаты оның басынан жарақат алғанын және өзін жайсыз сезініп жүргенін хабарлаған.