Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 16:25

WhatsApp статусы үшін сөгіс: Абай облысында полиция басшысы дауға қалды

Полиция
Фото: БАҚ

Абай облысында Полиция департаменті штабының бастығы WhatsApp мессенджеріндегі статустарын жасырып жүрген әріптестеріне реніш білдірген дауыс жазбасы әлеуметтік желіде таралып, арты дауға ұласты.

Желіде тараған аудиожазбада әйел офицер қол астындағы қызметкерлерге дөрекі түрде сөйлеп, статустарды жасыруды доғаруын талап етеді. Ол талап орындалмаған жағдайда «блокқа тастап, жұмыстан шығарамын» деп қоқан-лоқы көрсеткен.

Аудиожазбадан үзінді:

«Бәрің штабтан кетіңдер. Сендерді ешкім есік алдында бақылап тұрған жоқ. Рапорттарыңды жазып, кетіңдер. Немесе қазір блокты ашасыңдар. Мен қазір кіріп, ашқан-ашпағандарыңды тексеремін».

Қазіргі уақытта бұл жағдайға қатысты Ішкі істер министрлігі ресми пікір білдірген жоқ. Ал әлеуметтік желі қолданушылары бұл әрекетті «абсурд» және «қызмет бабын асыра пайдалану» деп бағалап, қызу талқылап жатыр.

Жазба ирониямен: «Біз лайық болған дауыстық хабарлама» деген жазумен таратылған.

Тегтер: