Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 15:15

Назарбаевтар әулетінен мемлекетке қанша млрд теңге қайтарылды?

Назарбаев
Фото: БАҚ

“Назарбаев әулетінен активтер қайтарылып жатыр ма? Біз мұны көрмей жатырмыз” деді БАҚ өкілі.

Үкімет басшысы бұл сұраққа тікелей жауап бермеді. Ол әулет өкілдерінен қаражат қайтарылып жатқанын жеткізді.

«Ешкім көзбояушылықпен айналысып жатқан жоқ. Жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр. Өзіңіз білесіз, әулет өкілі қылмыстық жауапкершілікке тартылған болатын. Барлығы заң негізінде жүзеге асуы керек. 900 млрд теңге мемлекетке қайтарылды. Бұл аз ақша емес. Біз ақырындап осындай нәтижеге қол жеткіздік. Жұмыс әлі де жүргізіліп жатыр. Кімде-кім заңды бұзса жауапқа тартылады», - деді Бектенов.

Қомақты қаражат қоғам игілігіне жұмсалуда. Осы мақсатта әлеуметтік заманауи нысандар салынып жатыр. Олардың қатарында 4 мектеп бар. Оның біреуі музыкалық мектеп. 2 спорт кешені, көпсалалы аурухана, жатақхана және 2 балабақша бар. Бұл әлеуметтік нысандардың құрылысына 55 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Заманауи мектептің бірі Жетісу облысының Рудничный ауылында бой көтереді. 200 орындық нысан құрылысына 2,6 млрд теңге қаржы бөлінген.

Жемқорлардан алынған ақша, осы білім қорына аударылған ақша, бүгінгі жақсы мектептер «Жайлы мектеп» дейтін бағдарлама осы активтердің арқасы, - деген еді Мәжіліс депутаты Айдос Сарым.

Сондай-ақ, Қазақстанда биыл да тарифтердің өсуі жалғасады. Бұған дейін үкімет инфляцияны ескеріп, тарифтердің өсу қарқынын уақытша бәсеңдететінін мәлімдеген еді. Алайда Бектенов бұл тарифтердің өсуі мүлде тоқтайды дегенді білдірмейтінін ашық айтты.

Тарифтердің өсімі жалғасады. Бұл жанға бататын мәселе. Ұзақ уақыт бойы тарифтер белгілі бір деңгейде болғанда (біз ТКШ-ға ақша инвестиция жасай алмаған уақытта), Екібастұзда апат болды. Егер біз қыста жылы болсын десек, жарық жанып, су ағып тұрғанын қаласақ, тарифтер өседі. Олар инфляцияға қысымды төмендету үшін басқаша ұлғаяды. Мен халыққа жақсы болу үшін «тарифтер өспейді» деп айтқым келмейді. Жоқ, өседі. Осы арқылы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына инвестиция тартамыз, - деді Олжас Бектенов.

Тегтер: