Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Кеше, 09:00

Ресей қаупі: Ұлыбритания төтенше жағдай жоспарын жаңартты

Ұлабритания
Фото: Kin Cheung/AP

The Daily Telegraph мәліметінше, Ұлыбритания үкіметі Ресеймен болуы мүмкін қақтығыс жағдайына арналған жаңартылған төтенше әрекет жоспарын дайындауға кірісті.

Құжатта корольдік отбасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, арнайы бункерлерге көшіру, ұлттық ресурстарды бөлу және агрессия сценарийлері, соның ішінде кибершабуылдарға қарсы әрекет ету тәртіптері қамтылған.

Жаңа жоспар Ұлыбритания мен Ресей арасындағы шиеленістің күшеюіне байланысты өзектілікке ие болып отыр. Кремль соңғы жылдары Ұлыбританияға бірнеше рет тікелей шабуыл жасау мүмкіндігін меңзеп, әсіресе Лондонның Украинаға әскери және қаржылық көмек көрсетуін ашық сынға алған болатын. Жақында ғана британдық әскерилерді Украинаға жіберу мәселесі талқыланған кезде, бұл қауіптер одан әрі күшейе түсті.

Айта кетейік, қолданыста болған алдыңғы төтенше жағдайлар жоспары 2005 жылы қабылданған. Ол заман талабына сай келмегендіктен, қазіргі геосаяси ахуалға бейімделген жаңа құжаттың қажеттілігі туындаған.

Сарапшылардың айтуынша, бұл қадам Ұлыбританияның қорғаныс жүйесін күшейтуге және ықтимал қауіп-қатерлерге алдын ала дайын болуға бағытталған. Сонымен қатар, елдің киберқауіпсіздігін арттыру, стратегиялық нысандарды қорғау және халықты ақпараттандыру да басты назарда болмақ.