22 наурыздағы теракт: Ресей қоғамын дүр сілкіндірген трагедия туралы тың ақпарат

Ресейдің Тергеу комитеті «Крокус Сити Холлда» болған теракт бойынша 2 300-ден астам адамды ресми түрде жәбірленуші деп таныды.
Бұл туралы ведомство басшысы Александр Бастрыкин мәлімдеді, деп хабарлайды ТАСС. Оның айтуынша, қылмыстық іс жақын арада сотқа жолданады.
Теракт 2024 жылдың 22 наурызында Мәскеу маңындағы Красногорск қаласында, «Крокус Сити Холл» концерт залында болды. Оқиға орнында белгісіз бірнеше қарулы адам концерт басталмай тұрып, ғимаратқа баса-көктеп кіріп, оқ жаудырған. Кейін залда өрт шыққан.
145 адам қаза тауып, 500-ден астамы жараланды. Террористік шабуыл үшін жауапкершілікті «Ислам мемлекеті» террористік ұйымының «Вилаят Хорасан» атты тармағы өз мойнына алды.
Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметінің (ФСБ) мәліметінше, терактке тікелей қатысы бар деген күдікпен 4 адам ұсталған. Барлығы да Тәжікстан азаматтары. Тергеу барысында 20 адамға қатысты іс қозғалып отыр.
Бұл теракт соңғы жылдардағы ең қанды шабуылдардың бірі ретінде танылып отыр. Қоғам арасында терактіге байланысты қауіпсіздік шараларын күшейту, көші-қон бақылауын қатайту және халықаралық терроризммен күресті күшейту туралы пікірлер жиі айтылуда.
Оқиғадан кейін Ресей билігі ел көлемінде терроризмге қарсы операциялар жүргізіп, шекаралық бақылауды күшейтті. Қауіпсіздік қызметтері ел ішінде радикалды топтардың мүшелерін анықтау және бейтараптандыру жұмыстарын жалғастырып жатыр.
Теракт құрбандарына Ресей үкіметі тарапынан өтемақы төленіп, ем-дом мен психологиялық көмек көрсетілді. Трагедия бүкіл ел үшін ауыр соққы болды және халықаралық қауымдастық тарапынан да кеңінен талқыланды.