Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 11:20

Колумбияда 15 жастағы жасөспірім президенттікке үміткерге оқ атты

Мигель
Фото: zhasalash.kz

Колумбияда президенттікке үміткер, сенатор Мигель Урибе Турбайға сайлауалды митинг кезінде қарулы шабуыл жасалды.

Жергілікті БАҚ хабарлауынша, белгісіз біреу саясаткерге бірнеше рет оқ атқан. Қазір Урибе ауруханада, оның жағдайы тұрақты деп хабарланды.

Шабуыл сол митинг өтіп жатқан сәтте, халық алдында сөз сөйлеп тұрған кезде жасалған. Қауіпсіздік қызметкерлері дереу әрекет етіп, күдіктіні — 15 жастағы жасөспірімді — оқиға орнында ұстады. Оның қолында тапанша болған. Күдіктіге жауап ретінде полиция аяғынан оқ атқан. Қазір ол ауруханада күзетпен жатыр.

Колумбия полициясы шабуылдың артында кім немесе қандай топтың тұрғанын анықтауға кірісті. Тергеу барысында жасөспірімнің қаруды қайдан алғаны мен бұл әрекетке кімнің итермелегені тексерілуде.

39 жастағы Мигель Урибе Турбай – Колумбияның бұрынғы президенті Хулио Сесар Турбай Айяланың немересі. Ол 2026 жылғы президент сайлауына оппозициялық консервативтік партия атынан қатысуға ниетті.

Саяси бағдарламасында Урибе елдегі ұйымдасқан қылмыспен, есірткі картельдерімен және қоғамдық қауіпсіздікпен күресті басты бағыт ретінде ұсынған болатын.

Колумбияда сайлауалды кезең әдетте қауіпсіздік тұрғысынан өте шиеленісті өтеді. Елде есірткі саудасымен айналысатын топтар мен қарулы ұйымдар саяси процестерге жиі араласуға тырысады. Бұл шабуылды да осындай қылмыстық топтармен байланыстыра аламыз.

Тегтер: