Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 10:05

Шерзат Полат ісі бойынша сотталғандар апелляциялық шағым түсірді

Шерзат
Фото: ашық дереккөз

Бұл туралы Шерзат Полаттың отбасының мүддесін қорғайтын адвокат Мейірман Шекеев мәлімдеді.

Ол бұл шағымды Шыңғыс Бельғожaев пен Думан Ысқақтан басқаларының барлығы бергенін айтты.

Сондай-ақ адвокат екі қыз бен екі жігіттің үкім жарияланған кезде прокурорға қатысты айтылған соттың жеке қаулысына да шағым түсіргенін мәлімдеді. Оның айтуынша, үкімді алғаннан кейін 15 күн ішінде оларда шағымдануға заңды құқық болған.

Адвокаттың сөзіне сүйенсек, Шерзат Полатты өлтіру ісі бойынша айыпталушылардың туыстары атынан әлеуметтік желілерде пікір білдіріп жүрген Бауржан Абдрахманов та сот алдында жауап берген. Ол бұған дейін өзінің парақшасында онлайн режимде өткен сот отырысының бейнежазбасын жариялаған.

Қазіргі таңда бізге белгілісі – сотталушылар Белғожаев пен Думан Ысқақтан басқасы барлығы апелляциялық шағым берген. Бұл шағымдар Алматы қалалық сотында қаралады. Қай күнге белгіленетіні жақын арада белгілі болады, - деді Шекеев.

Оның айтуынша, бұл іс бойынша қажетті сараптамалар тағайындалған.

Сонымен қатар адвокат әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында тараған жалған мәліметтерге де назар аударды.

Қаржаубайдың жансақтау бөліміне түскені жөніндегі ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Бұл – жалған хабар. Біз тек ресми әрі нақты ақпарат таратуға дайынбыз, - деді Шекеев Алания қаласынан жолдаған бейнеүндеуінде.

Тегтер: