09:25, 14 Ақпан 2024
Ш. Уәлиханов атындағы Әскери колледжде 1 курс кадеті қаза болды
13 ақпан күні Ш. Уәлиханов атындағы Әскери колледжінде 1 курс кадеті кезекшілік міндетін өтеу барысында бекітілген қарудан өзіне оқ атып, көз жұмды.
Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінен мәлім болды.
Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталу үстінде. Тергеу мүддесіне сәйкес басқа ақпарат жария етілмейді.
«Қорғаныс министрлігінің басшылығы және Әскери колледждің жеке құрамы кадеттің отбасы мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады», - делінген хабарламада.