11:54, 07 Тамыз 2025
Сәтжан Аблалиев көлік вице-министрі қызметінен босатылды

Ақпаратты Үкіметтің баспасөз қызметі растады.
Бұған дейін ҰҚК көлік вице-министрінің ұсталғаны хабарлаған еді.

Кадрлардан байқағанымыздай, лауазымды тұлға көшеде келе жатқан сәтінде ұсталған. Одан кейін күштік құрылым өкілдері оның үйі мен жұмыс орнында тінту жүргізіп, ірі көлемдегі ақшалай қаражат тапты.
Бейнежазбада ақшаның бір бөлігі үйдегі ваза ішінде, ал қалғаны қызметтік кабинеттегі чемоданнан табылғаны көрсетілген.