Трамп: Газа соғысы 2025 жылдың соңына дейін аяқталуы мүмкін

АҚШ-тың арнайы өкілі Стив Уиткоффтың мәлімдеуінше, президент әкімшілігі палестиналық аумақтың соғыстан кейінгі құрылымына қатысты «толыққанды жоспар» ұсынбақ.
Оның айтуынша, Израиль ХАМАС-пен келіссөздерді жалғастыруға дайын, ал қозғалыстың өзі де қақтығысты реттеуге ашық екенін аңғартқан.
Бұдан бөлек, АҚШ мемлекеттік департаменті Мемлекеттік хатшы Марко Рубио Израильдің сыртқы істер министрі Гидеон Саармен кездесетінін хабарлады. Трамптың сөзіне қарағанда, қарулы қақтығыстар 2025 жылдың соңына дейін тоқтауы мүмкін.
«Менің ойымша, алдағы екі-үш аптада Газа секторындағы қақтығысқа қатысты жеткілікті сенімді әрі жақсы аяқталу болады», - деді саясаткер.
13 тамызда Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху ЦАХАЛ-ға палестиналық ХАМАС қозғалысының соңғы екі «тірегін» бақылауға алып, жою ғана қалғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, ең «маңыздысы» саналатындардың бірі – Газа қаласы.
Ал 8 тамызда Израильдің қауіпсіздік кабинеті премьер-министр Биньямин Нетаньяху ұсынған, ЦАХАЛ-дың Газа секторын бақылауға алу жоспарын мақұлдады. Бұған қоса, Израиль үкіметінің көпшілігі соғыс қимылдарын тоқтатуға қажет деп есептелетін бес шартты бекітті: ХАМАС қозғалысын толық қарусыздандыру, барлық тұтқындарды босату, Газа секторын демилитаризациялау, аумақтың қауіпсіздігін Израильдің бақылауына алу, сондай-ақ ХАМАС пен Палестина ұлттық әкімшілігі қатыспайтын азаматтық үкімет құру.
20 тамызда Израиль әскері Газадағы шабуылды бастап, қаланың шеткі аумақтарын бақылауға алғаны хабарланды.