«Бұл соғыста Ресей жеңіп тұр, Украина жойылады» - Венгрия премьер-министрі

Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан АҚШ президенті Дональд Трамптың Украинаға белгілі бір аумақтарды беру туралы мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді.
Ол «Борцовский час» бағдарламасына берген сұхбатында жағдайдың Ресейдің пайдасына шешілгенін айтып, бұл тақырыпқа нүкте қойғанын жеткізді.
«АҚШ президенті менен соғыс туралы пікірімді сұрады. Мен бұл соғыс әлдеқашан шешілгенін айттым. Орыстар жеңді. Бұл –нағыз болған факт. Сұрақ – қашан және кім орыстармен келіссөз жүргізеді? АҚШ пен Ресей арасында мәміле бола ма? Әлде Еуропа ақыры келіссөз бастай ма?
Украина тәуелсіз мемлекет емес. Ол Батыстан көмек алады. Біз оған қару-жарақ жеткізіп отырмыз. Украинаға өзінде тәуелсіздік бардай әрекет етуге болмайды. Ресеймен соғыстың нәтижесінде ол өз аумағының бестен бір бөлігін жоғалтты. Ол жерде егемендік тоқтады. Егер Батыс қаржыландыруды тоқтатса, Украина жойылады», - деді ол.