Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 12:15

31 миллион теңге ұрлаған банк менеджері Ресейден экстрадицияланды

Менеджер
Фото: Бас прокуратура

Бас прокуратураның хабарлауынша, әйел адам 2015-2017 жылдар аралығында Астанадағы банктердің бірінің филиалында жетекші менеджер болып жұмыс істеген.

Тергеу нұсқасы бойынша ол сомасы 31 миллион теңгеден астам ақша қаражатын иемденіп, талан-таражға салған. Кейін күдікті жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланған.

Өткен жылдың маусым айында іздеуде жүрген адам Мәскеуде ұсталып, Бас прокуратураның сұрауы бойынша Қазақстанға экстрадицияланды.

"2024 жылдың маусым айында іздеуде жүрген азамат Мәскеуде ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының өтініші бойынша отанына экстрадицияланды", - деп хабарлады Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.

Қазір күдікті тергеу изоляторына қамалды.

Күдікті
Фото: Бас прокуратура

Бас прокуратура оның айыпталып отырған қылмысы үшін мүлкі тәркіленіп, жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын түсіндірді.

 

Тегтер: