Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Кеше, 16:35

Шерзат сотында куә болған Эльмира Нұрбекова адвокатқа қарсы шағым түсірді

Эльмира
Фото: Жоғары сот

Шерзат Болаттың өліміне байланысты резонанстық қылмыстық іс аясында куә ретінде танылған Эльмира Нұрбекова өз құқығын қорғау мақсатында белгілі адвокат Джохар Өтебековке ресми түрде шағым түсірді.

Жария мәліметтерге қарағанда, Эльмира Нұрбекова шағымында адвокат Джохар Өтебековтің өзіне қатысты бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде жасаған мәлімдемелері мен пікірлеріне наразылық білдірген. Оның айтуынша, заңгердің айтқандары шындыққа сәйкес келмейді және өзіне моральдық зиян келтірген.

  • Мен шағымның полиция қызметкерінің өтініші бойынша жазылғанын түсіндім. Себебі мәтінде ол полиция жаргондарымен, «өз қолыммен жазылды» деген сияқты заңдық терминдерді қолданған. Ең қызығы, Нұрбекова ханым полиция, прокуратура, сот төрелігін қорғайды. Ол менің оларға қысым жасап, жалған ақпарат таратып жатыр деп алаңдайды. Оның не себепті олардың адвокаты болып отырғаны мені таң қалдырды. Менің ойымша, ол әйелді пайдаланған сияқты. Әйтпесе ол тым ақылды болап кеткеннен маған қарсы шағым түсіріп отырған жоқ, – деді Джохар Утебеков «Гиперборей» You Tube арнасына берген сұхбатында.

Эльмира Нұрбекова былтыр Талғарда болған төбелес кезінде іс бойынша күдікті деп танылып, сотталған 9 адаммен бірге оқиға орнында болған. Ол істе куәгер ретінде танылған. Жауап алу кезінде өзінің оқиға болған күні шок жағдайда болғанын айтқан. Бірақ кейіннен сотта көрсетілген бейнежазбада оның төбелес жайында күліп, айтып отырғаны белгілі болған. Прокурор Дана Сәрсенбай соттан Эльмира Нұрбекова мен тағы бір кәу Дана Жақсыгелдіге қатысты жеке қаулы шығарып, қайта тергеу жүргізуді сұраған.

Қазір Эльмира Нұрбекованың шағымы құзырлы органдардың қарауында. Құқық қорғау құрылымдары адвокаттың әрекетінде заңбұзушылық бар-жоғын анықтауы тиіс. Егер оның сөзі шектен тыс кетіп, жала жабу немесе жеке ар-намысты қорлау ретінде танылса, онда Өтебековке қатысты құқықтық шаралар қолданылуы мүмкін.

Бұл жағдай қоғамның назарын тағы да аталған іске аударып отыр.

Тегтер: